Ыстықкөлде қазақстандық туристер мінген автобус кюветке ұшып кетті

12:27, 12 тамыз 2019

11 тамыз күні кешкісін Ыстықкөл ауданында Қазақстаннан барған туристер мінген жолаушылар автобусы жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті turmush.kg порталы жазғандай, 11 тамызда шамамен сағат 21:10-да Тамчы ауылының тұсында батыс бағытта келе жатқан Lexus RX300 автокөлігінің рөлінде болған Ресейдің Новосібір облысының тұрғыны солға бұрылыс жасамақ болды. Сол сәтте кроссовердің артына Setra маркалы автобус соғылған.

АК Иpress тілшісі хабарлағандай, соғылғаннан кейін автобус кюветке ұшып кеткен. Ол кроссоверді басып озбақ болған, бірақ оның артына соғылып, кюветке түсіп кетті.

Құдай сақтағанда, қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ. Тергеу басталды.

Sputnik.kg жазғандай, автобустың ішінде қазақстандық туристер болған. Олар Бостеріден келе жатқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!