Ырғыз ауылы тұсында жол апатынан 4 адам көз жұмды

15:27, 16 қаңтар 2020

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында шамамен түнгі сағат 01 сағат 30 минутта "Самара-Шымкент" тас жолының 1170 шақырымында Ырғыз ауылына жақын жерде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды zakon.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Лада-21070" автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Арал қаласы жағынан "Самара-Шымкент" тасжолының 1170 шақырымында Ырғыз ауылына бара жатып, қозғалыс кезінде ауа-райы қолайсыздығын ескермей, жолдың тайғақ учаскесінде қарсы бағытқа арналған жолаққа шығып кетіп, ОҚО тұрғынының басқаруындағы "Шевролет-Круз" автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде "Лада-21070" автокөлігінің 29 жасар жүргізушісі 3 жолаушымен бірге оқиға орнында көз жұмды және бір жолаушы Ырғыз ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!