Ығы-жығы халық. Алматыдағы барахолкада не боп жатыр

16:29, 3 маусым 2020

Карантиннен кейін Алматының атышулы барахолкасы ашылды. Демалыс күндерін айтпағанда, жай күндері көлік кептеліп тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

"Адем" базарының кіре берісінде дезинфекциялық арка тұр екен. Базар қызметкерлері келушілердің температурасын тексеріп, маска тағыңыз деп ескерту жасап тұр. Алайда масканы дұрыс тақпай, иегіне түсіріп жүрген адамдар жетерлік.

Бутиктерде қолға себетін антисептиктер тұр, ара-қашықтық сақтауға арналған белгілер салынған.

"Байсат" базарында да тура сондай жағдай. Тек мұнда халық саны көбірек екені байқалады.

"Яляндағы" сатушылар кеше ғана бутиктерін ашқанын айтады. Алдағы демалыс күндері қызу сауда басталатынын біліп, дайындалып отыр екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!