XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

15:19, 1 желтоқсан 2024

© Фото: zakon.kz

Бүгін Алматыда өткізілген XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Бір апта бойы көрермендер 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты.


XVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

NETPAC әділ қазыларының жүлдесі «Белгісіз елге» фильмі, режиссері Махди Флейфель;

Халықаралық байқау қазылар алқасының төрағасы Нури Бильге Джейланға «Әлемдік кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін» сыйлығы берілді;

Белгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов «Қазақстан кинематографиясына қосқан ерекше үлесі үшін» марапатталды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ:

Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Флорентина Хольциенгер, «Ай» (Moon), Австрия;

Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Артур Пачесный, «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша;

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Нирвана» (Nirvana) фильмі, режиссері Асиф Ислам, Бангладеш;

Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Джун Мин О, «Жыл маусымдары үйі» (House of the Seasons), Оңтүстік Корея;

Үздік фильм үшін гран-при – «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша, режиссері Гжегож Дебовски.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЕЛДЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ:

Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Эльза Каримова, «Ғашықтар тауы» (The Lovers’ Mountain), Татарстан;

Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Абылай Марат, «Шекарадағы мәміле» (Deal at the Border), Қырғызстан;

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Хемме өлетін күндердің бірінде» (One of the Days When Hemme Dies) фильмі, Түркия;

Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Аруан Анартай, «Жоқтау» (Joqtau), Қазақстан;

Үздік фильм үшін гран-при – «Ақ тырналар билейтін жерде» (Where the White Cranes Dance), Саха Республикасы (Ресей).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!