WhatsApp-тағы Adidas деген хабарлама өте қауіпті болып шықты

17:54, 22 шілде 2019
455

Шілде айының басынан бері қазақстандықтардың whatsapp мессенджерлерінде Adidas туған күніне орай 3000 пар аяқ киім мен футболкалар сыйлайды деген хабарлама тарап кетті. Оны тексерген "KZ-CERT" компаниясы қорытынды шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хаттағы adidas - footwears.club ресурсына тексеру жүргізілді.

- Бұл интернет-ресурс "алаяқтық мақсаттағы интернет-ресурс/Интернеттегі фишинг" деп бағаланды, - деді компания өкілдері.

Adidas компаниясы шын мәнінде ешқандай да сыйлық беру шарасын ұйымдастырып отырған жоқ.

Алаяқтар жалған сілтемені басқан смартфон иелерінен сауалнамадан өтуі мен одан кейін сілтемемен бөлісуді сұрайды.

Аяқ киім мөлшерін таңдау деген жерінде алаяқтар шын мәнінде ақша сұраған, ал сілтемемен бөліскен кезде алаяқтар қолданушылардың телефондағы байланыстар тізімін ұрлаған.

- Құрметті қазақстандықтар, егер де осындай алаяқтықтың құрбаны болып қалсаңыз, бізге 1400 нөмірі арқылы хабарласыңыздар немесе Telegram-дағы каналымызға жазыңыз, - дейді "KZ-CERT" қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!