Visa мен MasterCard Ресейде әр түрлі банктердің клиенттері арасында телефон нөмірі арқылы ақша аударымын іске қосады

13:30, 18 сәуір 2018
522

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Ресейлік банк тұтынушылары алдағы уақытта қандай банктің клиенті болғанына қарамастан телефон нөмірі арқылы ақша аударымын іске қосады.

Халықаралық Visa және MasterCard төлем жүйелері осындай қызметті іске қоспақ. Бұл туралы «Ведомости» хабарлады. Басылымға бұл туралы банк саласына қатысы бар дереккөзі айтқан. Олардың айтуынша ек жүйе жеке сервис ұсынбақ. Алайда олардың қызметінің айырмашылығы жоқ. Картаны шығарған банк клиенттің телефон нөмірі мен төлем картасының нөмірін арнайы сақтау «қоймасына» береді. Ақша аударғысы келген адам алушының телефон нөмірін енгізсе, жүйе карта нөмірін өздігінен шығарып береді.

Қазір телефон нөмірі арқылы ақша аударымы кейбір банктерде қолжетімді. Алайда бұл бір банк клиенттері арасында ғана. Visa мен MasterCard енді әртүрлі банктердің клиенттері арасында қолдануға мүмкіндік бермек. Айта кетейік, қазақстандық Kaspi Bank-тің Kaspi Gold картасын тұтынушылар бір-біріне қаражатты телефон нөмірі арқылы аудара алады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!