VII шақырылым депутаттарының алғашқы жалпы отырысы басталды

11:47, 15 қаңтар 2021

Бүгін Парламент Мәжілісінде VII сайланған Парламенттің алғашқы жалпы отырысы өтуде.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес, жалпы отырысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ашты.

Төрағалық етуші Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өткен Мәжілістің VII шақырылым депутаттарының аты-жөндері жария етті.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының ант беруі, Мәжіліс Төрағасын және оның екі орынбасарларын сайлау мәселелері қаралуда. Сонымен қатар, депутаттар жиында Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлап, олардың құрамын бекітеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!