Видеода су таситын көлік қаққан қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды

09:57, 27 ақпан 2020

Әлеуметтік желіде жолдан бейқам өтіп бара жатқан қызды ауыр көлік қаққан видео тарап жатыр. Бұл оқыс оқиға Тұркістан облысы Сарыағаш ауданынды орын алғаны белгілі болды, деп zakon.kz Polisia.kz-ге хабарлайды сілтеме жасап.

24 ақпанда Сарыағаш аудандық ауруханасынан Сарыағаш ПБ кезекші бөлімінің “102” пультіне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Сағат 11:00 шамасында Жетісай-Жібек жолы тас жолында “Газ-53” маркалы су тасушы көлігінің жүргізушісі 2002 жылы туған жас қызды қағып кеткені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақатын алып, Сарыағаш аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне түсіп, салдарынан алған жарақатынан қайтыс болған. Сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, аталған автокөліктің жүргізушісі ішімдік ішпеген.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы “Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!