ВИЧ жұқтырған жасөспірім: сыныптасым маған жақындама деді

10:03, 10 желтоқсан 2019

Елімізде жыл сайын кемінде 3-4 бала ВИЧ-ке шалдығады. Оған көбіне анасының дұрыс ем-дом қабылдамай, өз статусын жасыруы себеп. Бүгінде дәл осы дертке шалдыққан балалардың көбі Шымкентте тұрады.

Өздеріңіз білетіндей, 2006 жылы дәрігерлердің салақтығынан, жауапсыздығынан 149 бала дәл осы вирусты жұқтырған еді. Сол балалар бүгінде 14 жастағы жеткіншек. Бірақ, мамандардың сөзінше, дәл осы жазылмас дертті арқалап жүргендермен жұмыс істейтін мамандар тапшы. Тіпті қарапайым психологтар жоқ. Тағысын тағы...

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"в младших классах учителя мне как бы не запрещали, но давали совет не выходить на перемену!Подошел одноклассник и сказал "Бауыржан, у тебя ВИЧ, и не подходи ко мне".


Бауыржанның жасы 14-те. Ол 2006 жылы Шымкентте ВИЧ жұқтырған 149 баланың бірі. Қазір мектепте оқиды. Жасөпірімнің сөзінше, мұндай вируспен өмір сүретіндерді айналасындағылар әлгі күнге дейін кемсітеді, түсінбейді екен. Өзі де психологтардың көмегінен кейін, бұл инфекция жайлы ойын ашық айта бастаған.

"я один из этих 149 детей! После тренингов мои одноклассники попросили прощение!".


Бауыржан секілді жүзден аса жасөпірім Шымкентте дәл осы дертпен өмір сүруде. Мамандар мұндай балалармен жұмыс істеу қиын, дейді. Ең бірінші, өңірде мықты мамандар жетіспейді. Екіншіден, ата-аналары балаларының статусын жасыруға тырысады. Салдарынан, жасөпірімдер уақытылы ем-дом алудан қағылады. Тіпті суицид жайлы ойлар жиі мазалайды екен.

Гүлжаһан Ахметова, ЖИТС РО клиникалық мәселелер жөніндегі маманы:

"Кейбір балалар жаман хабар естіген соң енді қайтыс боламын, неше жаста өлемін дейді. Дұрыс ақапарат беру керек. Біздің мамандар дайын емес екен. Медицина жағынан жақсы, психолоргиялық жағынан қалай жаңағы жасөпіріммен сөйлесу хабары жоқ! Мамандарды оқыту керек, мамандарды оқытқанбыз кезінде, бірақ кейбір мамандар кетіп қалды".


Одан бөлек адамның иммун тапшылығы вирусына шалдыққан жасөпірімдердің көбі дәрілерін уақытылы ішпейді. Бәрінің ортақ мәселесі бір. Қатарластарынан ұялады.

Мадина Маманова, психолог:

"Олар өздерін айтады, біз басқа балаларға қарағанада олардан артта сезінеміз!Неліктен? Өйткені біз жиі ауырамыз!Кейде дәрілеріміз бар, қоғамдық орнында жүргенде дәрі ішетін уақытымызда біз оны іше алмаймыз. Ерекшелінеміз деп өздерін сезінеді. Біз сол үшін жұмыс жүргіземіз, не үшін олар ішу керек!".


Қазір Түркістан облысы, Қарағанды және Алматы облысы ВИЧ көрсеткіші бойынша көш басында тұр. Оның жартысынан көбі Шымкентке тиесілі, дейді сарапшылар. Ал жылына 3-4 жаңа туған сәби дәл осы инфекцияны анасынан жұқтырады, дейді сарапшылар. Қазір 531 бала тіркеуде тұр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!