Веложолдарды жауып тастаған жүргізушілерге қандай жаза қолданады?

12:46, 19 маусым 2018
263

Астанада жүргізушілер көлікті тұраққа қоярда мұқият болғаны жөн, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Елордалық жүргізушілер көлікті тұраққа қою ережелерін ескермей, жаяу жүргіншілер тротуарын жауып тастайтыны жиі кездеседі. Бұл жайт қолайсыздықтан бөлек, велосипедшінің құлап, жарақат алуына әкеп соғуы мүмкін.

Веложолды жауып тастаған жүргізушіге 12 мың теңге айыппұл салынады.

"Бұл жағдайда жүргізуші көлікті тоқтату және тұраққа қою ережесін бұзады. Ол үшін ҚР ӘҚБК 597-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК айыппұл (12 мың 025 теңге) салынады", — деп мәлімет берді Астана ішкі істер департаменті өкілі.

Атап өтсек, биыл Астанада 47 километр веложол салынып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!