Елордада тәрбиеші-офицерлердің оқу-әдістемелік жиыны өтті

15:12, 1 қазан 2020
1823

Нұр-Сұлтанда әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының орынбасарлары, гарнизондар бастықтарының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлайды Mail.KZ.

Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, бірінші дәрежелі капитан Серік Борамбаев ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелері мен тәрбие құрылымдарының міндеттерін түсіндіру бойынша сөз сөйледі.

Жиынға қатысушылар үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басқармасының бастығы Салтанат Әлімқұлованың баяндамасы қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік проблемаларына арналды. Деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмауға бағытталған жұмыстардың нысандары мен әдістері туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Марат Смағұлов әңгімелеп берді.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов тәрбиеші-офицерлерге арнаған сөзінде әскери қызметшінің жоғары жауынгерлік рухының маңыздылығы туралы тілге тиек етті.

 

«Жауынгерлік рух борышқа деген адалдықтан, патриотитизм мен тәрбиеден қалыптасуы керек. Бұл өз кезегінде өзіне, өз мүмкіндіктеріне және әріптестеріне деген сенімді нығайтады», – деп атап өтті генерал-лейтенант Мұрат Бектанов.   

 

Оқу-әдістемелік жиынның жұмысына Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев, «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нұғыманов қатысты. Сонымен қатар «Медиа professional» ЖШС басшысы Ғазиза Райымбек офицерлердің шешендік өнер тәсілдерімен таныстырды.

Тәрбиеші офицерледің оқу-әдістемелік жиын барысында алған білімдері еліміздің Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін болады. 

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!