«Үздік өңір» және «үздік аудан» санаты бойынша жеңімпаздар анықталды

19:16, 7 желтоқсан 2022

© Сурет: akorda.kz

7 желтоқсанда Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Алтын сапа" және "Парыз" байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиын соңында Мемлекет басшысы "Алтын сапа" және "Парыз" байқауларының  жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Анықталған жеңімпаздар ішінде бизнеске  қолайлы жағдай жасалған "Үздік өңір" санаты бойынша арнайы сыйлыққа Шымкент қаласының әкімдігі, "Үздік аудан" санаты бойынша арнайы сыйлыққа Сәтбаев қаласының әкімдігі ие болды.

Айта кетсек, "Алтын сапа" сыйлығының "Үздік индустриялық жоба" номинациясы бойынша Павлодар облысының "Проммашкомплект" кәсіпорны, "Үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша  Алматы облысының "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны жеңімпаз атанды.

"Парыз" сыйлығының шағын және орта бизнес иелері арасындағы  Гран-при жүлдесі Ақмола облысының "Шуйское-XXI" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, ал ірі бизнес иелері арасындағы Гран-при жүлдесі Атырау облысының "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." кәсіпорнына табысталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!