Ұятсыз видео шыққан Теңіз кенішінде тағы бір масқара жағдай анықталды

14:27, 15 тамыз 2019
1886

Атырау облысындағы "Теңіз" кенішінде жұмыс істейтін батысқазақстандық екі азамат ВИЧ дертін жұқтырған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Мамандар вахталық қалашықта қатерлі дертті жұқтырған тағы екі адам болуы мүмкін деп топшылайды. Әзірге аты жаман аурудың ошағы мен қалай таралғаны белгісіз.

Жалпы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, облыс бойынша бүгінде иммун тапшылығы синдромына шалдыққандар саны 210-ға жеткен. Оның 18-і биылғы 7 айда тіркелген.

Үш жергілікті әйелге қасақана ауру жұқтырған бір шетел азаматы қазір тергеу изоляторында отыр.

Ал соңғы жағдайға қатысты қазір дәрігер-эпидемиологтар кешенді тексеру жұмыстарын қалға алды.

- Бүгінгі көрсетілген фактілер бойынша Денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығы ары қарай эпидемиологиялық талдау жүргізеді. Соның ішінде "Теңіз" кенішіндегі медициналық мекемелердегі эпидемиологтар осындай жұмыстарды ары қарай сол жерде жұмысын жалғастырады. Қазір ең бастысы - халық арасында және жұмысшылар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.

Оқи отырыңыз: Теңіздегі оқиға: вахтадағы 23 қыз жезөкше болған


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!