Ұялы телефонмен қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға мүмкіндік туды

16:52, 16 ақпан 2018
369

Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақты телефонға жүктеп, ойнауға мүмкіндік туды. Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген университет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарға арналғанын атап өтті.

«Бағдарлама қолға алынғаннан кейін университеттің ақпараттық технологияны білетін талантты жастарын жинап, қазақтың ұлттық ойындарын, спорттық сайыстарын интернеттегі ойындарға айналдыруды ұсынған едім.Қазір кез келген адам телефонымен түрлі ойындарды ойнай алады. Ал неге қазақтың ұлттық ойындарын интернет ойнына айналдырмасқа? Бұл ұсынысымды жастар қолдады. Кеше ғана жақсы хабар алдым. Қазір телефондарыңызға тоғызқұмалақты жүктеп, ойнай аласыздар. Өте қызықты болып шықты. Енді таяу арада асық ату енеді. Одан кейін құсбегілік, қансонар ойын ретінде енгізіледі», - деді Ерлан Батташұлы.

Сонымен қатар, ол алдағы сәуір айында Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 1 жыл толатындығын еске салды.

«Осы уақыттың ішінде әжептәуір жұмыстар атқарылып, көп мәселе жүйеге келгенін, санада үлкен қозғалыс пайда болғанына куә болып отырмыз. Бүгінгі комиссия отырысында атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, алдыға тың міндеттер қойылды. Анау күні Елбасы сынға алып, қасиетті жерлер тізіміне кейбір ұсақ-түйек дүниелерді кіргізуге болмайтынын айтқан еді. Осы тұрғыда бізде құрылған сарапшылар кеңесі аталған мәселеге жіті назар аударып, нақты ұсыныстар беріп отыратын болады», - деді Ерлан Сыдықов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!