Үсті-басы қан-жоса еркек өскемендіктерді үрейлендірді

17:26, 18 қараша 2021

© Сурет: Zakon.kz

Өскеменде қанға малынған ер адам қала тұрғындарын үрейлендірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны осы оқиғаның куәгерлері жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Усть-Каменогорск/Oskemen (@noks_oskemen)

ШҚО Полиция департаменті 1984 жылы туған азамат Михаэлис көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде өз-өзіне дене жарақатын салғанын хабарлады. Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруда, - делінген ШҚО ПБ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!