Ұстаздар жалақысын көтеру коэффиценті бекітілді

17:41, 15 сәуір 2019

Мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффиценті бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Соған сәйкес Білім және ғылым министрлігі есептеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!