Үсік, нөсер жаңбыр – демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

15:13, 27 мамыр 2022

© Сурет: pixabay

Синоптиктер 28-30 мамыр күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің батысы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 мамырда Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. «Қазгидромет» РМК

Тек Қазақстанның батысында батыс антициклонының екпіні әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ел аумағында жел күшейеді.

Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы жоғарылайды: республиканың батысында және солтүстік-батысында 25-30, оңтүстігінде 33, солтүстікте 23-28, орталықта 25-30 градусқа дейін. «Қазгидромет» РМК

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!