Үсік, аптап ыстық, тұман: Шымкентте және 9 облыста дауылды ескерту жарияланды

20:14, 17 тамыз 2022

© Сурет: unsplash

Шымкентте және Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, 18 тамызда бұл өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды, аптап ыстық болады, кей жерлерде үсік, тұман күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығынды, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20 м/с болады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!