Үш мас әйелдің кесірінен мейрамхананың карантинде жұмыс істегені әшкереленді

17:55, 25 қаңтар 2021

Атырау қаласында мас күйінде мейрамханада төбелес шығарған үш әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 23 қаңтар күні түнгі сағат 03:29 шамасында Атырау қаласы Азаттық көшесінде орналасқан “Vivaldi” ресто-бар алдында 32, 33 және 28 жастағы азамат өзара келісе алмай төбелес шығарған. Олар сол күні “Vivaldi” ресто-барының ішінде көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Олар наркологиялық сараптамадан өткізіліп, сараптама нәтижесіне сәйкес олардың жеңіл дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Үшеуіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Ал сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 21 қаңтарындағы №1 қаулысын бұзып, карантин режимін сақтамаған “Vivaldi” ресто-барына қатысты жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданатын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!