Үш бірдей олимпиаданың жүлдегері Рыпакова да финалдан тыс қалды

17:36, 30 шілде 2021
286

© Сурет: olympic.kz

30 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңіл атлеттер өнер көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алғашқылардың бірі болып, Қазақстан құрамасынан Ольга Рыпакова өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.

Үш бірдей олимпиаданың жүлдегері іріктеу кезеңінде 13,69 метрге секірді, алайда бұл нәтиже оны ақтық сайысқа алып шыға алмады.

Ольгадан бөлек, аталған спорт түрінен Мария Овчинникова мен Ирина Эктова да финалдан тыс қалды. Сайыс қорытындысы бойынша олар 26-шы және 31-орынға табан тіреді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!