Үндістанда жағаға жақын маңнан бес тонналық акула ауланды
© Сурет: pexels
Үндістанда балықшылар салмағы бес тонна, ұзындығы тоғыз метр болатын кит тәрізді акула аулап алды. Ол – әлемдегі ең ірі балық, деп хабарлайды Zakon.kz.
Odisha TV басылымының дерегінше, тоғыз метрлік алып балық 3 желтоқсанда Баласор қаласы маңында теңізге шыққан балық аулау кемесінің торына түскен.
Кит тәрізді акула жағадан шамамен 200 метр қашықтықта ұсталған. Мұндай алып балықты балықшылар өз күштерімен шығара алмағандықтан, оны арнайы арқанмен жағаға тарту үшін шамамен жүз адамның көмегі қажет болған.
Басылым атап өткендей, бұл – аймақта осындай көлемдегі кит тәрізді акуланың алғаш рет ауланғаны. Сирек кездесетін бұл жыртқыштың пайда болуы туристер мен жергілікті тұрғындардың назарын аударып, олар жағажайға олжаны көру және суретке түсіру үшін көптеп жиналған.
Бұған дейін Мальдив аралдарында турист акуланың жемтігіне айнала жаздағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:01, 9 желтоқсан 2025
Астанада –30°С аяз: дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді
-
20:41, 9 желтоқсан 2025
Таразда қатарласын электронды темекі үшін өлтірген мектеп оқушысы сотталды
-
20:15, 9 желтоқсан 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчы: бастапқы құрам қандай
-
20:08, 9 желтоқсан 2025
Түркістан облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
-
19:59, 9 желтоқсан 2025
Көлік полицейлері мас жолаушыны пойыздан түсіріп, 5 тәулікке қамауға алды





