Үндістанда орын алған өртке байланысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады

17:18, 9 желтоқсан 2019

Үндістанда орын алған өртке байланысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Нью-Дели қаласында орналасқан фабрикалардың бірінде орын алған өрт салдарынан адамдардың қазасына алып келген суыт хабарды күйзеліспен қабылдадық. Қазақстан достас үнді халқының орны толмас қайғысына ортақтасады. Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз", делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, Үндістанның Сурат қаласында (Гуджарат) бүгін таңертеңнен бастап коммерциялық нысан өртеніп жатыр. India Today агенттігінің мәліметі бойынша, 43 адам өрттен көз жұмды. Оның 18-і - бала. Қалалық полицияның өкілі мерт болған адамдардың саны артуы мүмкін екенін айтады. Өрт екінші қабаттан басталған. Ғимарат ішіндегі адамдар қашып, терезеден секіруге мәжбүр болды. Оқиға орнына 20 өрт сөндіру тобы келді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!