Үндістанда бірнеше ауданды су басты: жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталды

12:27, 27 қыркүйек 2024

© Сурет: Х/Weathermonitors

Үндістанда Ганг өзенінің арнасынан асуына байланысы жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

RT India басылымының х әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, 26 қыркүйекте 10-нан астам адам қаза тапты, жүздегені эвакуацияланды. Мұнымен қоса, елдің шығысындағы Бихар штатында Ганг өзені арнасынан асты.

Қатарынан 10 күн жауған нөсер жауынның аяғы қарғын суға айналып, үйлерді су басып, жолдар шайылды. Сондай-ақ, шаруалардың жаз бойғы еңбегі зая кетті.