Ұлытау облысының полицейлері колледж студентінен есірткі тәркіледі

23:25, 31 қаңтар 2023

© Сурет: polisia.kz

Ұлытау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Жезқазғандағы колледждердің бірінің 16 жастағы студентін ұстады. Тексеру кезінде полицейлер жасөспірімнен мұқият оралған 16 зат тәркіледі. Олардың ішінде ақ түсті ұнтақ заттар болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сараптаманың нәтижесі бойынша тәркіленген заттар синтетикалық есірткі болып шықты. Сонымен бірге жасөспірімнің телефонын тексеру кезінде есірткі қоятын орындарының белгілерін және әлеуметтік желілерде белгісіз адаммен хат алмасқаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полицейлер бұл іс-әрекет үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын, ал Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертті. 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!