Ұлықпан Жолдасов мұңды композицияны Денис Тенге ұсынғысы келгенін айтты

16:26, 20 шілде 2018
470

Әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасов Денис Тенге мұңды композицияны ұсынбақ болып жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Денистің қазасын ауыр қабылдағанын жазды. Оған айта алмай кеткен өкінішін жеткізді.

“Осы туындыны алғаш естігенде көзге жас үйірілді. Денис інімді көрсем, мұз айдынында осы әуенге композиция жасасаң, қалай болады деп ұсыныс айтсам деп жүргем. Енді, міне, Аланияда жүріп қазасын естідім. Көңілді отырғанбыз, бәріміз тұнжырап кеттік. Қазақстанның туын желбіретіп, мәртебесін көтеріп жүрген жап-жас чемпионымызды жоғалтып алғанымызға ішіміз өртеніп кетті”, – деп жазды сазгер парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!