Ұлттық Олимпиадалық комитет қазақстандық 9 федерацияны таныды

15:24, 5 маусым 2020
692

Бүгін, 5 маусым күні Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен қазақстандық федерациялар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің тану туралы сертификаттарын алды, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков Нұр-Сұлтанда Қазақстан гольф федерациясы, Қазақстан Республикасының этноспорт қауымдастығы (соның ішінде теңге ілу спорты бойынша) мен Қазақстан текбол федерациясынына тану туралы арнайы сертикатты табыстады. Тағы да 5 федерация Қазақстан ҰОК Алматыдағы филиалынан ресми құжатты алады. Атап айтқанда, "Kazakhstan Fullcontact Karate Organization", Қазақстан Республикасының пауэрлифтинг федерациясы, Мейбукан Годзю-рю карате-до федерациясы, Желкен спорты федерациясы, Қазақстан спорттық балық аулау федерациясы және "Qazaq Cybersport Federation".

Бүгін, 5 маусым күні Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен қазақстандық федерациялар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің тану туралы сертификаттарын алды. Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков Нұр-Сұлтанда Қазақстан гольф федерациясы, Қазақстан Республикасының этноспорт қауымдастығы (соның ішінде теңге ілу спорты бойынша) мен Қазақстан текбол федерациясынына тану туралы арнайы сертикатты табыстады. Тағы да 5 федерация Қазақстан ҰОК Алматыдағы филиалынан ресми құжатты алады. Атап айтқанда, "Kazakhstan Fullcontact Karate Organization", Қазақстан Республикасының пауэрлифтинг федерациясы, Мейбукан Годзю-рю карате-до федерациясы, Желкен спорты федерациясы, Қазақстан спорттық балық аулау федерациясы және "Qazaq Cybersport Federation".

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің федерацияны тану туралы сертификаты - Қазақстанда аталған спорт түрін дамыту бойынша федерация нақты, шынайы және ұзақ мерзімді жұмыс атқарып жатқандығын растайтын құжат.

Федерацияда Ұлттық Олимпиадалық комитетімен танылуы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінде салалық аккредитациялаудан өту процедурасының бір шарты болып табылады. Және федерацияға спорт түрін Қазақстан Республикасы аумағында дамыту құзыреттілігі беріледі.

Осыған дейін ҚР ҰОК тарапынан тану сертификаты олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 75 ұлттық спорттық федерацияға табыс етілген. Тану сертификатына ие болған спорттық федерациялардың толық тізімімен Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтынан танысуға болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!