Ұлттық банк Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді

09:42, 29 маусым 2020

Ұлттық банктің бас офисі Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірде қол қойған № 304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкті 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін көшіру туралы бұйрық орындалды, деп хабарлады еліміздің орталық банкінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк мына мекен-жайға орналасты: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 5 үй.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 үйде орналасқан Қазақстан қаржы орталығында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Д.Галиева тағайындалды.

Алматыдағы банк өкілдігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен әдеттегі тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!