Ұлттық банк бұрын шығарылған 20 мың теңгелік банкноттар әлі қабылданатынын айтты

15:56, 30 қыркүйек 2022

© Сурет: Zakon.kz

30 қыркүйекте Қазақстанның Ұлттық банкі номиналы 20 мың теңгелік жаңа банкнот шығарылғанын мәлімдеді. Ұлттық банктің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне ескі банкноттар қабылданатынын айтты.

Ұлттық банк бұрын шығарылған 20 мың теңгелік банкноттардың барлығы (2015 және 2021 жылдары шығарылған) жаңа үлгідегі банкноттармен бірге айналымда қалғанын атап өтті.

Олардың бәрін төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдауға, сондай-ақ банк шоттарына есептеуге және еліміздің барлық банктерінде аударуға, майдалауға және айырбастауға міндетті.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

2022 жылғы 1 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 20 мың теңгелік банкнотты айналымға шығарады. Ұлттық банк жаңа банкнот айналымдағы банкноттармен бірдей стильде жасалғанын атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!