Ұлттық банк базалық сыйақы мөлшерлеме көлемін өсірді

17:00, 9 қыркүйек 2019
350

ҚР Ұлттық банкі жылдық базалық сыйақы мөлшерлемені 9,25 процентке көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Нақты инфляция күтілген деңгейден жоғары болып қалыптасып отыр және тамыз айының қорытындысы бойынша 5,5 процентке жетті. Тұтынушылық сұраныстың артуынан туындаған инфляциялық қысым алдыңғы болжаммен салыстырғанда ұлғайды, бұл инфляцияны 2019 жылдың соңына қарай 5,7-5,8 процентке, яғни белгіленген дәліздің жоғарғы шегіне итермелеуде.

Орташа мерзімді болжам бойынша, болашақта, яғни 2020 жылы инфляция аздап баяулап, бұл реттегі шекті инфляция дәлізі 4-6 процент аралығында белгіленеді деп күтіледі. 2019 жылғы 7 айда экономиканың өсуі Ұлттық банктің болжамынан жоғары 4,2% деңгейінде қалыптасты, бұл экономикада инфляциялық қысымды туындатты",– делінген бас банктің хабарламасында.

Ақша саясатын анықтайтын жылдық базалық сыйақы мөлшерлеме бойынша ендігі шешім 2019 жылдың 28 қазанында жарияланады деп күтіледі.

Айта кетсек, мұның алдында жылдық базалық сыйақы мөлшерлеме көлемі 9 процент болған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!