ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кездесуінің видеосы жарияланды

11:47, 16 қыркүйек 2021

© Сурет: twitter.com / csto_odkb

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өтіп жатқан жиынның видеосын Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

Душанбе қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды, деп жазды ол Facebook-те.

Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сонымен қатар Душанбеде бірқатар шет мемлекеттердің басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!