Украинадағы әскери қақтығысқа қатысқан алматылық сотталды

11:47, 25 қыркүйек 2020
232

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін кінәлі деп танылған адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Сот үкімімен О. ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеу үкім етіледі, деп хабарлады соттағылар.

Айыпталушының 2014 жылдың қыркүйегінен бастап 2016 жылға дейін Украина аумағында болған кезде өз-өзіне тәуелсіздік жариялаған Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының әскери күштері жағында болып, Украина Қарулы Күштеріне қарсы қарулы қақтығысқа және ұрыс қимылдарына қатысқаны анықталды (жалдау белгілері жоқ). Сотта сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады.

- Жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін мойындауы және шын жүректен өкінуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді үлес қосуы, сондай-ақ бұрын сотталмағандығы жазаны жеңілдету мәні ретінде танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Алматы қаласы Алмалы аудандық соты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!