Украинада «Евровидение – 2023» байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды

19:59, 17 тамыз 2022
163

© Сурет: eurovision.tv

Елдің ұлттық қоғамдық телерадиокомпаниясы ұлттық іріктеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық хабар тарату «Евровидение – 2023» ұлттық байқауын бастайды. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 15 қазан. Ұлттық іріктеу финалының құрамы мен қазылар алқасын және «Евровидение» халықаралық ән байқауының ұлттық қазылар алқасын украиндықтар анықтайды, делінген Ұлттық қоғамдық телерадиокомпанияның Facebook парақшасында.

Бұған дейін Еуропалық хабар тарату одағы байқау 2023 жылы Ұлыбританияда өтетінін хабарлаған болатын.

Украина «Евровидение-2022» байқауында жеңімпаз атанған ел ретінде келесі жылы байқаудың финалына бірден шығады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!