ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасамақ болған азаматқа қатысты түсініктеме берді

17:53, 9 тамыз 2022

Нұр-Сұлтан. 9 тамыз. 7kun.kz – Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Экспресс К» басылымының сауалына берген жауапта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасамақ болған азаматқа қатысты ақпаратпен бөлісті.

«ҰҚК Аян Атығаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») және 255-бабы 4-бөлігі «Терроризм актісі» бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», – деп хабарлады ҰҚК.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында ҚР президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агентін ұстаған еді.

«25 наурызда ҰҚК қарсы барлау қызметі Нұр-Сұлтанда Қазақстан президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агенті «А» деген Қазақстан азаматын ұстады», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік акті жасауды жоспарлаған. Тінту кезінде одан шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!