ҰҚК қызметкерлері Жаңаөзеннің екі тұрғынын ұстады

10:30, 10 тамыз 2020
265

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақты заңсыз өндіру және сату бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 2 тұрғынын, деструктивті діни ағымның жақтаушыларын ұстады. Тінту кезінде заттай айғақтар табылып, тәркіленді, оның ішінде екі пулемет, үш тапанша, дыбысты тұншықтырғыш құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер де бар.

9 тамызда сот күдіктілерді қамауға алуға санкция берді.

Тергеушілер айыпталушылардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатыстылығын және істің басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!