Үкіметте мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өтті
Үкіметте ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ірі қара мал басын көбейту және сиыр етінің өндірісін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, өңірлердің етті мал шаруашылығын дамыту бойынша әлеуеті туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндама жасады.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, 2019 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі еліміз бойынша 2306 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 12,5%-ға артық.
Ірі қара мал (ІҚМ) басының саны 4%-ға 7,4 млн басқа, жылқы – 6,8%-ға 2,8 млн басқа, құстар – 2%-ға 44,3 млн басқа, қой – 2,7%-ға 16,9 млн басқа, түйе – 3,5%-ға 214,8 мың басқа, шошқа – 2,9%-ға 822,2 мың басқа көбейген.
Сойылған салмағындағы құс етінің өндірісі 16%-ға 223 мың тоннаға, сиыр еті – 5%-ға 501,4 мың тоннаға, жылқы еті – 4,3%-ға 132 мың тоннаға, қой еті – 0,8%-ға 152 мың тоннаға, шошқа еті – 0,3%-ға 86 мың тоннаға дейін өсті.
2019 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға және саланың өнімділігін арттыруға 115,7 млрд теңге қаржы бөлінді. 840 отбасылық ферма 82,2 мың ірі қара мал басын сатып алуға несие алды.
2019 жылы желтоқсан айында "Tyson Foods" америкалық компаниясымен қол қойылған Қазақстандағы қазіргі агро-мультипротеин индустриясын дамытуға қатысу қағидалары туралы келісім етті мал шаруашылығын дамытуға зор серпін береді. Бірінші кезеңде ҚР-да өнімділігі тәулігіне 2 мыңға жуық мал басы болатын заманауи ет өңдеу кешенін салу жоспарланған. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімдерді шетел нарықтарына экспорттайтын болады, осылайша, еліміздегі жылдық ауыл шаруашылығының түсімін 1 млрд доллардан астамға қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.
Кеңеске қатысушылар мал басының санын көбейту, оның өнімділігін арттыру шараларын, мал бордақылау алаңдарының жүктемеленуін қамтамасыз етуді және мал азығы базасын нығайтуды талқылады.
Үкімет басшысы Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 23 сәуір 2024
Көкшетауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды
-
22:28, 23 сәуір 2024
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды