Үкіметте қалпына келтіру жұмыстары мәселелері бойынша кеңес өтті

© Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залалдарды жою мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлердің әкімдіктерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен орын алған тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залалды өтеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев және Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары егжей-тегжейлі баяндама жасады.
Сегіз өңірде 270 нысан, оның ішінде 45 әкімшілік және 225 коммерциялық ғимарат зардап шекті. 44 әкімшілік нысанды қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды, ал Шымкент және Алматы қалаларында 12 коммерциялық нысан бойынша жұмыстар аяқталды.
Бұдан басқа, комиссия отырысында Үкімет резерві қаражаты есебінен шағын және орта бизнес өкілдеріне келтірілген залалды өтеу механизмі бекітілді.
Бекітілген механизмге сәйкес кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлік объектілері бойынша залал расталған сметалық құжаттама негізінде өтелетін болады. Бұл ретте жоғалған тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу көлемін өңірлік комиссиялар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, растайтын фискалдық құжаттарды негізге ала отырып айқындайтын болады.
Роман Скляр зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру және тексеруді аяқтау бойынша жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету туралы тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 26 мамыр 2022
Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы
-
23:36, 26 мамыр 2022
Алимент төлемей жүрген үш қостанайлық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
22:50, 26 мамыр 2022
Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды
-
22:40, 26 мамыр 2022
Алматы маңында жер сілкінді
-
21:55, 26 мамыр 2022
Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды