Үкімет Тоқаевтың алдында есеп береді

11:46, 22 қаңтар 2020

Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

"24 қаңтарда, жұма күні Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста үкімет 2019 жылға арналған еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп береді. Сонымен бірге онда мемлекет басшысының үкімет қызметінің негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларын орындау барысы қарастырылады", - деп жазды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!