Үкімет пандемиямен күреске бюджеттен тағы 265 млрд теңге бөледі

12:55, 20 сәуір 2021
109

© Сурет: zakon.kz

20 сәуірде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің қарауына 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Нақтылау кезінде Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралары мен Мемлекет басшысының тапсырмалары, оның ішінде жыл сайынғы Жолдаулары шеңберінде айтылған стратегиялық бастамалары ескерілді. Сондай-ақ, пандемияға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен бұрын қабылданған міндеттемелер ескерілді", — деді Жамаубаев.

Аталған бағыттар бойынша бюджет шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайып, 15,3 трлн теңгені құрады.

Осылайша, эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінді, оның 70 миллиард теңгесі карантиндік шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне қосымша төлемдерге және 80 миллиард теңге медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеуге бөлінді, - министр.

Сайлауалды бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мынадай негізгі бағыттар бойынша іске асырылатын болады:

- әлеуметтік саланы қолдау, құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге - 182 млрд теңге;

- Жұмыспен қамтудың жол картасы және Еңбек мемлекеттік бағдарламаларын, "Ауыл – ел бесiгi" жобасын іске асыруға - 177 млрд теңге; ауыл шаруашылығын және ТКШ саласын дамытуға - 143 млрд теңге;

- республикалық және жергілікті жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстауға - 140 млрд теңге;

- ШОБ қолдауға - 64 млрд теңге;

- індетке қарсы іс-шараларға қосымша 265 млрд теңге бөлінді, оның ішінде: карантиндік іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге - 70 млрд теңге; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 80 млрд теңге.

- Мемлекет басшысының басым тапсырмаларын қаржыландыруға 154 млрд теңге көзделген.

Бюджеттің қосымша шығыстарының жалпы көлемінде өңірлерге трансферттер 539 млрд теңгені құрайтын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір