Үкімет 14 күндік карантин енгізуді ұсынды

09:18, 2 шілде 2020

Үкімет 5 шілдеден бастап кемінде 14 күнге карантин жариялау жоспарын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-де жазды:

Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді, деп жазды Президент 1 шілдеде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!