Үкімет басшысы Асқар Маминнің әкесі дүниеден озды

09:31, 14 маусым 2021

© Сурет: kt

2021 жылы 13 маусымда еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұзақбай Мамин 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Благодатное ауылында дүниеге келген. Құрылыс саласында бригадирден бастап басшы мансабына дейін көтеріліп, ұзақ жылдар ел дамуы үшін талмй еңбек етті. "Целинограделеватормельстрой", "Целинсантехмонтаж" сынды тресттің және Целиноград облыстық агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешенінің басшысы болған.

Зор еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін ол кезінде Халықтар достығы және "Юрмет" төсбелгісімен марапатталды.

Соңғы жылдары Ұзақбай Мамин Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді жұмыс атқарды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!