Уимблдон: 36 рет қатарынан жеңісті тойлаған теннисші Ига Швентек ұтылып қалды

11:50, 3 шілде 2022

© Сурет: Instagram/iga.swiatek

Әлемдегі ең үздік теннисші – поляк спортшысы Иги Швентектің рекордтық 37-ші матчтында жеңіс сериясы кілт үзілді. 2022 жылдың басынан бастап әлемдік әйелдер теннисінің көшбасшысы болып келе жатқан оған француз Ализе Корне алғаш рет жеңілістің ащы дәмін тарттырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уимблдонның үшінші айналымында Ализе әлемнің бірінші ракеткасы Игу Швентекті 6:4, 6:2 есебімен жеңіп кетті. Поляк теннисшісі үшін бұл ақпан айының ортасынан бергі алғашқы жеңілісі, ол алты айға жуық өз алдына жан салдырмады.

Әдетте, мен өз-өзіме сыншымын. Бірақ осы матчтар алдында өзімді қалай сезінгенімді, жаттығуларда өзімді қалай ұстағанымды жақсы білемін. Ал ол кезде өзімді жақсы сезіндім деп айта алмаймын. Сондықтан мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін екенін іштей сездім. Мүмкін мұным дұрыс емес шығар, бірақ солай болды. Кортта өзімді жақсы сезіну үшін көп нәрсені сынап көрдім, бірақ онымнан ештеңе шықпады. Сондықтан өз-өзімді айыптамаймын. Бұл - қисынды, жаттығуда шықпаған дүние матчтарда шыға қояры екіталайы екенін жақсы білдім. Ига Швентек

Иги Швентектің рекордтық 37-ші матчтында жеңіс сериясы кілт үзілді. Бұл ХХІ ғасырдағы ең ұзақ және әлемдік әйелдер теннисі тарихындағы бесіншісі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!