Үйден шықпаңыздар! Елорда әкімдігі мәлімдеме жасады

13:16, 23 қаңтар 2020

Елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев тұрғындардан қатты жел мен боран тоқтағанша сыртқа шықпауды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қатты қар жауып, боран соғып жатқандықтан біз жұмысты күшейттік. Біз тазалап боламыз, қайта толтырып тастайды қарға. Қала тұрғындарынан мүмкіндігінше сыртқа шықпауға, қала сыртына, сол секілді қала ішінде де көп жүрмеуге кеңес береміз. Есесіне, жол апаты, жазатайым жағдайдан аман боласыз. Өйткені қазір айнала ақ түтек, ештеңе көрінбейді, - деді Алтынбек Қайсағалиев.

Әкімнің орынбасары қала билігі жолдарды тазартатын техниканы кезек-кезек көшеге шығарып жатқанын, бірақ боранның кесірінен жолдар қайта қарға орануда екенін айтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!