Үйде отырған абзал – Амандық Баталов жетісулықтарға үндеу жасады

18:02, 27 наурыз 2020

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс тұрғындарының атынан еріктілерге алғыс айтып, әр азаматты вирустың таралуын тоқтатуға үлес қосуға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті жетісулықтар!

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Талдықорған қаласының маңында 4 санитарлық пост орнатылып, сол посттарға біздің еріктілер белсене көмек көрсетуде. Ыстық тамақ, шай, басқа да бірінші кезектегі қажеттіліктерді жеткізіп, алғы шептен көрінді. Мен өз атымнан жəне барша облыс тұрғындарының атынан еріктілерге алғыс айтамын.

Біз ең алдымен осы санитарлық посттардың қойылу себебі - індеттің таралуына жол бермеу екенін ұмытпауымыз керек. Вирустың таралуын тоқтатуға əр азамат үлес қосып, қауіпсіздік шарттарын қатаң сақтап, мүмкіндігінше артық қозғалысты доғарып, үйде отырған абзал. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режим күшейтіледі.

Осыған орай біз де осы қағиданы басшылыққа алып, індетті тоқтатуға атсалысайық! Өзіңіздің жəне жақындарыңыздың денсаулығы үшін үйде болыңыздар, құрметті жетісулықтар!


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!