Уханнан келген студенттер арнайы орынға орналастырылып, 14 күнге оқшауланады

17:13, 28 қаңтар 2020

Біздің үкімет ҚХР үкіметіне ондағы 61 қазақстандық студенттерді эвакуациялауға өтініш білдірді, - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бүгін таңертең хабарланғандай, біздің үкімет ҚХР-ға Ухандағы 61 студентті эвакуациялауды ұйымдастыруға ниетті екенін білдірді, - деді Бекшин.

Оның айтуынша, оларды елге алып қайту үшін арнайы қорғаныс костюміндегі қазақстандық дәрігерлері бар жеке ұшақ шығарылады.

- Келгеннен кейін студенттер жабық орынға орналастырылып, 14 күнге карантинге жабылады. Біз Қытай тарапынан өзіміздің ұшақтың шығуына келісімін бергенін күтіп отырмыз. Осы себепті де әзірге шекараны жабу мүмкін болмай тұр, - деп толықтырды сөзін бас дәрігер.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Ухандағы студенттерге арнайы ұшақ жіберілуі мүмкін екенін айтқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!