Ухандағы эвакуация: қазақстандық қызды Украина ұшағына мінгізбей қойды

10:26, 20 ақпан 2020

Украина ұшағы Уханнан бір ғана Қазақстан азаматын алып шықты. Екінші қызды қызуы көтеріліп тұрғандықтан ұшаққа мінгізбеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ал осылайша Алматыға жетіп алған тағы бір қыздың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы, шағымдары жоқ. Бірақ, кез-келген жағдайда, ол 14 күн бойы көпсалалы ауруханада карантинде болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik Қазақстанға.

Украина өз азаматтарын Уханнан эвакуациялау үшін ұшақ шығарған. Ол біздің екі азаматты да ала кетеді деп күтілген.

Екінші қызды жібермеді, өйткені оның температурасы 37 градус болды. Әдетте, Қытай тарапы адамның дене қызуы көтеріліп тұрса, осындай шараларды қабылдайды. Ол әлі де Қытайда қала береді, - деді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Оқи отырыңыз: Отставкаға кетсін! Украинада коронавирусқа байланысты үкіметте шу шықты


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!