ҰБТ нәтижесін Telegram арқылы білуге болады

09:25, 20 маусым 2018
717

Биылғы Ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерi Telegram каналында жарияланады. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Вице-министрдiң мәлiметiнше, нәтижелердi тестiлеу өткен күнi Telegram-дағы каналдан бiлуге болады.

«ҰБТ нәтижелерiн Ұлттық тестiлеу орталығының сайтынан бiлуге болады. Сондай-ақ, биыл бiз ҰБТ нәтижелерiн Telegram көмегiмен алуға мүмкiндiк берiп отырмыз. Ол үшiн тек тест тапсырушының жеке кодын енгiзу керек. Бұндай код әр тест тапсырған түлекке берiледi», - дедi Аймағамбетов ОКҚ брифингi барысында.

Вице-министрдiң айтуынша, Telegram-каналдың атауын 19 маусым күнi кешке ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ресми сайтынан бiлуге болады. Сондай-ақ, тестiлеу нәтижелерi mail.kz сайтында жарияланады. Оған да тест тапсырушының жеке кодын енгiзу керек.

ҚР БҒМ Ұлттық тестiлеу орталығының директоры Рамазан Әлiмқұловтың мәлiметiнше, ҰБТ-ның өту барысын онлайн режимде көруге болады. Биыл аудиториялардың 90 пайызы арнайы бейнекамералармен жабдықталған. Сондықтан, кез келген адам интернет арқылы белгiлi бiр аудиторияда тестiлеу қалай өтiп жатқанын көре алады. ҰБТ трансляциясы www.ivideon.com/tv/map сайты арқылы тiкелей эфирде жүргiзiледi. Және де, 2018 жылы алғаш рет колл-орталық iске қосылады. Оның номерi - 8 (800) 080-71-77.

Атап өтсек, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет бiлдiрген. Олар биылғы мектеп бiтiрушiлердiң жалпы санының 70 пайызын құрап отыр. ҰБТ тапсыруға өтiнiш жазғандардың 69 209-ы қазақ тiлiнде, ал 23 618-i орыс тiлiнде тестiлеуден өтпек. Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 165 тапсыру пунктiнiң 1431 аудиториясында өткiзiлмек. Барлық аудиториялар байланыс сигналдалдарын бөгейтiн құрылғылармен, металл детекторлармен, тестiлеу барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен және онлайн тарату камераларымен жабдықталған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!