ҰБТ-ға кіретін балаларды тексеру жылдам және дұрыс өтуі керек – Мәмин

Қазақстанның премьер-министрі алда келе жатқан бірыңғай ұлттық тестілеуге байланысты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ҰБТ-да балаларды тексеру мейлінше жылдам және дұрыс формада өтуі тиіс, деді Асқар Мәмин үкімет отырысында.
- 20 маусымда грантқа ие болғысы келетіндер үшін тестілеу басталады. ҰБТ-ға толық дайындық қамтамасыз етілсін. Министрліктің мақсаты тестілеу өтетін барлық орындардың жұмысын үйлестіру. ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰҚК ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралардың барлығын қолға алсын. ҰБТ-да балаларды тексеру мейлінше жылдам және дұрыс формада өтуі тиіс, - деп тапсырды Мәмин.
Бұған дейін ҚМ БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов биыл ҰБТ маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында 169 жерде өтетінін мәлім еткен. Тестілеуге 117 242 адам қатысады деп күтілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:37, 23 қаңтар 2021
Қорғаныс министрінен ерлік пен патриотизм сабағы
-
17:54, 22 қаңтар 2021
«Шеттерінен бақсы-балгер...». Айтыскер ақын Алексей Цойды сынап, жыр жазды
-
17:39, 22 қаңтар 2021
Цой Қазақстандағы коронавирусқа қатысты ДДСҰ мәліметтерін жария етті
-
17:32, 22 қаңтар 2021
Тоқаев Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды
-
17:27, 22 қаңтар 2021
Марат Оразаев ҚР АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
Пікір