Тышқан қаптаған дүңгіршектің қайда орналасқаны анықталды

17:19, 25 ақпан 2021
475

© Сурет: Алматы ТВ

Әлеуметтік желіге жүктелген видеодағы тышқан қаптап жүрген тамақ сататын дүңгіршек Алматыдағы Көкжиек ықшам ауданында орналасқан жеке жәрмеңкеде орналасқаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Әкімші дүңгіршектің қайтадан бұзып, салу үшін 10 шақты күн бұрын жабылып қалғанын айтты.

"Жалға алып отырған адам кетіп қалды. Дәл қазіргі сәтте жұмыс істемейді. Жабылғанына 10-15 күн, бір аптадай уақыт болды. Бүгін-ертең бұл бутикті алып тастаймыз. Алдында дезинфекция жұмыстары жүрді. Құдай қаласа, екінші рет тағы жүргіземіз, – деді Көкжиек жәрмеңкесінің әкімшісі Рүстем Сағымбеков.

Ал, санитария мамандары бұл бейнекөрініс осыдан бірнеше жыл бұрын түсіріліп, әлеуметтік желіге тарап кетуі мүмкін, - дейді. Сондықтан қазір де бей-жай қарамай жәрмеңкеде тексеріс жұмыстарын жүргізіп, жағдайды анықтап жатыр.

"Мына дүңгіршек бойынша жәрмеңке басшысымен сөз болды. Жәрмеңке басшысының айтуы бойынша бұл дүңгіршек бір апта бойына жұмыс істемепті. Себебі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жаптық деп отыр. Мына әлеуметтік желіде тараған видео ескі деп отыр", – деді Жетісу ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы Гүлмира Нұрпазилова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!