Тыйым салынған тыңшылық құралдарды сатқан теміртаулық ұсталды

14:14, 22 қараша 2019
502

Полиция тыйым салынған, жасырын түрде аудио және видео жазба түсіретін техникалық құралдарды сатумен айналысқан Теміртау қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттегілер күдіктінің тұрғылықты мекен-жайында жүргізілген тінту кезінде ол аудио-видео жазу функциясы бар көзілдірік, сағат және флешканы өз еркімен бергенін айтты.

- Осы фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 399-бабы, 1-тармағы, яғни "Құпия ақпарат алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, өндіру, иемдену, сату немесе пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жария етілмейді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!