«Түсіретіндері - той-томалақ, құда-құдағи...». Кітапқұмар депутат отандық режиссерлерді сынады

17:46, 28 қыркүйек 2020
573

Депутат Геннадий Шиповских отандық режиссерлердің еңбегін сынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл туралы adebiportal.kz-дағы "Оқы және тұлға бол!" бағдарламасына берген сұқбатында айтқан.

Депутат отандық авторлардан Мұхтар Әуезовтің, Ілияс Есенберлиннің, Дулат Исабековтың, Әбіш Кекілбаевтың кітаптарын оқығанды қатты ұнатады екен.

"Біздің режиссерлердің түсіретіні - той-томалақ, құда-құдағи... Осыдан кетіп, Голливуд ізіне түсетін уақыт жетті деп ойлаймын біздерге. Мысалы, ғылыми-фантастикалық, детектив-триллер және тағы тағысын. Қазір осы жанрлар бізде сусап тұр. Сонда қоғамда бетбұрыс басталады", - деген депутат өз сұқбатында кітап пен адам болмысы жайынан кеңінен көсіліпті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!